Жетісу: Рамазан тақырыбында зияткерлік сайыс өтті

0
141

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жетісу облыстық өкілдігінің және Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «MUFTIYAT» баспасының төл туындыларын насихаттау мақсатында «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы бойынша зияткерлік білім сайысы өтті.

Қалалық мешіттердің әйел жамағаты қатысқан сайыс тестілеу жүйесімен өтті. Оған сектордың облысқа жауапты әйел ұстаздары төрелік етті. Тоғыз мешіттің әйел жамағаты бақ сынаған сайыста екі қатысушы ынталандыру сыйын қанжығасына байласа, үздік үштікті қалалық «Нұр» және «Жетісу», «Иман» мешіттерінен келген қатысушылар жеңіп алды. 

Жеңімпаздар қаржылай сыйлық және сертификаттармен марапатталды.