Имамдар Түркістандағы Кенесары ханның кітабын тамашалады

0
119

Бүгін ҚМДБ-ның «Darhan Dala Travel» отандық туризмді насихаттау бағыты аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бір топ имамдары  екі ғасырлық тарихы бар, бүгінде  Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тапсырылған құнды жәдігер Кенесары ханның Құран кітабын көріп, ғибрат алып, зиярат етті.Игі шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтемберді,  дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров,  Ахметжан Керімбек,  Дастан Желеуов, Азамат Әбдікерімұлы, Самат Анарбаев және Түркия және Мысыр елінен қасиетті Рамазан айында Хатым Құран оқу үшін келген мәртебелі қонақтар қатыты. Осы тұста,  Мемлекет басшысы Қажым Жомарт Тоқаев: «Құранның, расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды. Кез келген өркениетті ел өзінің тарихи мұраларына зор құрметпен қарайды. Оны қастерлеп, мұражайға немесе басқа да арнайы орындарға қояды. Біз де бабалардан мирас болған әрбір жәдігерді қадірлеп, сақтай білуіміз керек. Осы Құранды жақында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына табыс етеміз. Өйткені, бұл – бүкіл елге ортақ қазына», – деген болатын. Кенесары ханға Құранды туысы Марал Ишан сыйлаған. Марал ишан тек діндар ғана емес, қоғам қайраткері, азаттық үшін күрескен тұлға. Кенесарының сенімді серігі. Құнды кітапта Марал ишан мен Кенесары ханның мөрі бар. Оны отандық және шетелдік ғалымдар мұқият зерттеп, сараптама жасаған. Бұл мұраның расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталғаны баршаға аян. Осы құнды жәдігер болып саналатын Құранды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қабыл етіп,  салтанатты түрде «Әзірет Сұлтан» мұражайына табысталған болатын. Осы тұста, барша қауымды аталмыш асыл һәм құнды мұраларды көріп, зиярат етіп, ғибрат алуға шақырамыз. Игі шараға қолдау көрсеткен «Әзірет Сұлтан» мұражайының басшылығы мен Түркістан облысының бас имамына   алғыс білдеміз. Игі шара аясында имамдар мен бірге шет елген келген қонақтарымыз кезек-кезек  бабалар рухына Құран оқылып, дұға етілді. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі