Отбасындағы ихсан семинары өтті

0
67

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешітінде әйел-қыздар жамағатына отбасындағы ихсан мәселесі бойынша арнайы семинар өтті.

Семинарды Әйел-қыздар секторы басшысы Балжан Досжанова және мешітіміздің ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы жүргізді.

Семинар 3 бөлімнен тұрады.

1. Отбасы құндылығы (неке, отбасылық өмір)
2. ⁠Тұрмыстық зорлық-зомбылық
3. ⁠Талақ мәселесі (ажырасуға апаратын себептер мен ажырасудың шарттары)

Бұл семинарға жалпы саны 50-ге жуық әйел қыздар қатысты. Семинардың соңында әрбір әйел өзінің өміріне қатысты сұрақтарға жауап алды.
Қатысушыларға отбасы бақыты кітаптары сыйға берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі