«Қажылық-2024» маусым шараларын ұйымдастыру жұмысымен Сауд Арабия Корольдігіне іссапармен барған ҚМДБ делегациясы ұмра қажылығында жүрген отандастарымызбен бірге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Бір мезетте бір дұға» шарасына үн қосты.

Қасиетті Құран аяттары оқылып, ҚМДБ Қажылық миссиясының жетекшісі Ершат Оңғар еліміздегі су тасқынына байланысты Алла Тағаладан жәрдем сұрап, дұға жасады. Қажылар бір мезетте еліміздің амандығы мен тыныштығын тіледі.

Сондай-ақ қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігінде ұмра қажылығына барған отандастарымызға Стратегиялық даму және талдау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы уағыз-насихат айтты. Оларды Рамазан айымен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *