Жамбыл: Бас имам Нұр-Мүбарак студенттерімен жүздесті

0
77

Алматы қаласында Нұр-Мүбарак университетін биыл тәмамдап жатқан түлектер мен жұмыс беруші мекеме басшыларының кездесуі барысында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Әулиеата өңірінен шыққан шәкірттермен жүздесті. 

Бас имам болашақ мамандарды Жамбыл облысында қызмет жасауға шақырды. Жас мамандарға Жамбыл облыстық орталық мешіті немесе қалалық, аудандық мешіттерге жұмысқа орналастыру мәселесі, кадрлардың қажеттілігі түсіндірілді. Өңірде жасалып жатқан бастамаларды тілге тиек етіп, мамандарға көрсетілетін қолдау туралы атап өтті.