Алматы облысы: Әйел-қыздар секторы семинар өткізді

0
48

Алматы облысы Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің жанындағы Әйел-қыздар секторы «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» атты семинар ұйымдастырды.

Танымдық шараның алғы сөзін Балқаш аудандық «Оспанқожа ата» мешітінің наиб имамы Қатбашев Нұрхан алып, Ислам дініндегі әйел адамның мәртебесі, қазақ қоғамындағы ананың рөлі туралы насихат айтты.

Осыдан кейін Алматы облысы «Әжелер мектебінің» төрайымы Мүнәйім Арынқызы, өңіріміз бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы, өлкетанушы, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Зәуреш Жұмағалиқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облысы «Қоғамдық келісім және Даму орталығы» КММ-нің жетекші сарапшысы Ғалия Абдирахманқызы баяндамалар жасады.

Семинарда әулеттің ұйытқысы, отбасының берекесі – әйелдердің қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны, қазақ аналарының ерлігі мен өжеттігі, тәлімі мен өнегесі сөз болды.