ХАТЫМ ОҚУШЫ АНАЛАР ТОБЫ МАРАПАТТАЛДЫ

0
69

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Мухаммад-Нұр мешітінің әйел-қыздар бөлімінің діни сауат ашу курсында Құран үйренген аналарымыз ай сайын 120-180 Хатым Құран оқуда. Бірнеше жыл бойы шаршамай Құран оқып, еліміздің амандығын тілеп батасын беріп жүрген осы аналарымызға бүгін мешіттің,  ұстаздардың атынан ұйымдастырылған кеш өтті. Бұл кеште аналарымыз хатым дұғасын оқып, еліміз үшін, халқымыз үшін, мына болып жатқан табиғи апаттардың зиянынан сақтасын деп бүгін тағы дұғалар тіленді. Апаларымызды әдемі дастарханмен сыйлап, мақтау қағаздары берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі