ДӘРЕТХАНА ӘДЕБI

0
206

Үлкен немесе кiшi дәретке отырғысы келген кісіге қойылатын шарттар:

 1) Алла Тағаланың немесе Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есiмi жазылған затпен дәретханаға кiрмеу. Әнәс (р.а.):

كان النبي (r) إذا دخل الخلاء وضع خاتمهُ . صحيح السند، منكر المتن

 «Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәретханаға кiргенде жүзiгiн шешiп қоятын»,[1]-деген.Өйткенi Пайғамбары- мыздың(с.а.с.) жүзiгiнде «Мухаммадур-Расулуллаһ», яғни «Мұхаммед-Алланың Елшісі» деген жазу бар болатын. Бiрақ осыған ұқсас жазуы бар жүзікті жоғалтып алу қаупі болса, шешіп қалтасына салып қоюға рұқсат бар.

 2) Дәретханада Құран оқуға, сөйлеуге, сәлем беруге не алуға болмайды. Әбу Саъид (р.а.) Пайғамбарымыз-дың(с.а.с.):

لحديث أبي سعيد رضي الله عنه قال: سمعت رسول الله (r) يقول: لا يخرج الرجلان يضربان الغائط كاشفين عن عورتهما يتحدثان، فإن الله عز و جل يمقت على ذلك .

 «Екі кісі үлкен дәретке отырғанда бір-бірімен әуреттерін ашып отырып әңгімелеспесін. Расында, аса жоғары мәртебелі Алла бұған жиренішпен қарайды»,[2]-дегенін естідім дейді. Ибн Омар (р.а.):

لحديث ابن عمر رضي الله عنه قال: مر رجل على النبي (r) و هو يبول فسلَّم عليه فلم يرد عليه، قال أبو داود: وروي عن ابن عمر وغيره أن النبي   (r) تيمم ثمَّ ردَّ على الرجل السلامَ

 «Пайғамбарымыз (с.а.с.) кіші дәретке отырғанда қасынан бір кісі өтіп бара жатып оған сәлем берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған жауап қайтармады». Әбу Дәуіт, ибн Омар және басқалары Пайғамбарымыз- дың (с.а.с.) тәйәммум алып, сосын ғана сәлем берген кісіге жауап бергендігі риуаят етіледі,[3] – деген.

3) Адамдар назарынан аулақ әрі жасырын жерге дәрет сындыру. Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте:

لحديث ابن جابر قال خرجنا مع رسول (r)في سفر و كان رسول الله (r)لا يأتي البراز حتى يتغيَّب فلا يرَى .

 «Біз Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге сапарға шыққа-нымызда ол кісі көрінбейтіндей жерге кетпейінше дәретке отырмайтын еді»,[4]-делінсе, Муғира ибн Шуъбә жеткізген хадисте:

لحديث المغيرة بن شعبة أن النبي (r) كان إذا ذهب المذهب أبعد . صحيحٌ

 «Расында да Пайғамбарымыз (с.а.с.) (дәретке) баратын болса өте алысқа кетіп қалатын»,[5]– делінген.

4) Алдымен де, артымен де құбылаға қарап отырмау. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте:

لحديث أبي هريرة رضي الله عنه : إذا جلس أحدكم لحاجته، فلا يستقبل القبلة و لا يستدبرها

 «Егер сіздердің біріңіз қажетін өтеу үшін дәретке отырса, құбылаға алдын да, артын да қаратпа-сын»,[6]-делінген. Жазық, жан-жағы ашық далалы жер-лерде дәретке алдымен де, артымен де құбылаға қарап отыруға болмайтындығына осы хадистер дәлел. Ал қазіргі жағдайдағы жан-жағы жабық етіліп арнайы салын-ған дәретханаларда бұл хадиспен амал етілмейді деген көзқарас бар.

5) Құрт-құмырсқа, шыбын-шiркейлердің ініне, адамдар жүретін жерлерге, жол бойына, ағаштардың көлеңке-леріне, су бойына, адамдар өтетiн не демалу үшiн отыра-тын жерлерге, суға, әсіресе ақпайтын суға дәрет сынды-рудан сақ болған жөн. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

لحديث أبي هريرة رضي الله عنه أن النبي  (r) قال: اتقوا اللاعنين قالوا: وما اللاعنان يا رسول الله ؟ قال: الذي يتخلى من طريق الناس أو ظلهم .

 «Екі лағнеттеушіден сақтаныңдар!» – дегенде: «Ей, Алланың Елшісі, екі лағнеттеуші дегеніңіз кімдер?» – деп сұрағандарға Ол (с.а.с.): «Олар адамдар жүретін жолға немесе олар көлеңкелеп отыратын жерлерге дәрет сындырушылар»,[7]– деген. Ал, Жәбир (р.а.) риуаят еткен хадисте:

لحديث جابر رضي الله عنه أن النبي (r) نهى أن يبال في الماء الراكدة . صحيح

 «Расында Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақпайтын суға дәрет сындыруға тыйым салған»,[8]– делінеді.

6) Дәретханаға кiрер кезде: «Ей, Алла! Шын мәнінде мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйы-намын»,[9]– деген мағына беретін Пайғамбарымыз (с.а.с.) оқыған мына дұғаны оқу.

اللهم إنِّي أعوذُ بكَ من الخبْثِ و الخبائِثِ

 Оқылуы: (Бисмилләһ) Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл-хүбси уәл-хабәис.

Осы дұғаны оқып болған соң дәретханаға сол аяқпен кіреді. Дәретке отырғанда мүмкіндігінше сол аяғына сал-мақ түсіріп отырған дұрыс. Бұған қоса ер кісілер кіші дәрет сындырғанда тік тұрмағаны абзал. Сурақа ибн Мәлик (р.а.):

لحديث سراقة بن مالك رضي الله عنه قال: علمنا رسول الله (r) في الخلاء أن نقعد على اليسرى وننصب اليمنى

 «Бізге Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәретханада сол аяғымызға салмақ түсіріп, оң аяқты бос қойып отыруға үйретті»,[10]– деген.

7) Әжетін өтеп болған соң сол қолмен истинжә[11] жасау. Оң қолмен истинжә жасаудан сақтану. Әрі истинжә кезінде үш кесектен аз пайдаланбау. Сондай-ақ, сүйек, малдың кепкен тезегімен истинжә жасамау. Бұл туралы Абдуррахман ибн Зәйд (р.а.) былай дейді:

لحديث عبد الرحمن بن زيد قال: قيل لسلمان قد علمكم نبيكم كل شيئ، حتى الخراءة، فقال سلمان: أجل، نهانا أن نستقبل القبلة بغائط أو ببول، أو نستنجي باليسرى أو يستنجى أحدنا بأقل من ثلاثة أحجار، و ألا يستنجى برجيع أو بعظم . حسن

 «Салманға: «Пайғамбарларың (с.а.с.) сендерге дәретке отыруға дейін барлық нәрсені (бүге-шігесіне дейін) үйретті ме?» – дегенде, Салман:

 «Әрине, ол кісі (с.а.с.) бізге құбылаға қарап дәрет сындыруға, оң қолмен истинжә жасауға, истинжә жасағанда үш кесектен аз қолдануға, сондай-ақ, те-зекті немесе сүйекті истинжәға пайдалануға ты-йым салды»,[12] – деді.

8) Истинжәдан кейін қолға сіңіп қалған жағымсыз иісті кетіру үшін қолды жуу. Әбу Һурайра (р.а.) былай деген:

لحديث أبي هريرة رضي الله عنه قال كان النبي (r) إذا أتى الخلاء، أتيته بماء في تور أو ركوة، فاستنجى، ثمَّ مسح يده على الأرض

«Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәрет сындырған кезде мен ол кісіге құманмен су алып келетінмін. Ол кісі (с.а.с.) истинжә жасайтын, сосын қолын жерге сүртетін».[13]

9) Дәретханадан оң аяқпен шығып, «кешіріміңді сұрай-мын» деген мағынадағы Ғуфранәкә дұғасын оқу.

لحديث عائشة رضي الله عنها: أن النبي (r) كان إذا خرج من الخلاء قال: غفرانك. صحيحٌ

 Айша анамыз (р.а.): «Расында Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәретханадан шыққанда «Ғуфранәкә» деп айтатын еді»,[14]– деген.

Шымкент қаласы орталық мешіті