Атырау: Бас имам қайырымдылық мекемесі құрылысымен танысты

0
100

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылындағы Атырау селолық мешіті жанынан бүгінде Қайырымдылық мекемесі салынып жатыр.

Қос қабатты ғимаратта сексенге жуық шәкірт білім алып, діни, рухани бағытта сауат ашады деп күтілуде.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен салынып жатқан ғимараттың бүгінде шатыры жабылып, ішкі жұмыстары қалған. Облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құрылысқа атсалысып жатқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды.