ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен Республикалық ақпараттық насихат тобы мүшелерінің діни семинарында қатысушыларға «Шымкент» медресе-колледжіне талапкер қабылдау жөнінде ақпарат берілді.

Дәлірек айтқанда, оқу орнының директоры Талғат Әсембай 2024-2025 жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдау жұмыстары және медресе-колледждің ерекшеліктері туралы кеңінен насихат жүргізді.

Айта кетейік, семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев және аудан, қала имамдары мен ұстаздар қатысты.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *