Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық  «Қамқор-Шарапат» мекемесінің ұйымдастыруымен Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында орналасқан мазараттар мен зират орындарын күтіп-баптауға арналған  «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» атты республикалық тазалық шарасы өткізілді.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ерман Бекбауов, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы,  «Қамқор-Шарапат» мекемесінің Шымкент қаласындағы өкілі Ербосын Орын, Тұран ауданының бас имамы Батырхан Курбанбаев және әкімдік өкілдері мен мешіт имамдары мен ерікті жастар қатысты.

Жоғары деңгейде өткен шараға Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық және тазалық мекемесінің жүк тасмалдаушы бірлік техникаларымен қолдауы ұйымдастырылып,  ҚМДБ тарапынан қабылданған  «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттары кеңінен түсіндіріліп, бабалар рухына Құран оқылып, дұға етілді.

Айта кетсек, тазалық  шарасына қаладағы 92 мешіттің діни қызметкерлері мен ерікті 3574 азамат қатысып, 37 мұсылман зират аумағы күл-қоқыстан, қураған шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Сондай-ақ, ағаштардың қураған, сынған бұталары кесілді. Барша қатысқан азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *