Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі қажылық рәсімдері тек қажылық визасы арқылы ғана өтелетіндігі туралы 26 сәуір күні арнайы мәлімдеме жариялады.

Қажылық визасы Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі тарапынан әр елдің дін саласына өкілетті мемлекеттік органдарына немесе ресми Исламдық діни басқармаларға (Мүфтият) ғана тиісті талаптар мен тәртіпке сай беріледі.

Сондай-ақ Мәлімдемеде қажылық рәсімдерін орындағысы келетін азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы қызметтерін жарнамалап жүрген, қажылық маусымын ұйымдастыруға заңды құқығы жоқ компаниялардан сақ болып, олардың қызметтеріне жүгінбеуге кеңес берілді. Сонымен қатар Қажылық және ұмра министрлігі ұмра, туристік, жұмыс, отбасылық сапарлар, транзит және визалардың басқа түрлері қажылық рәсімдерін өтеуге құқық бермейтіндігі жөнінде баса айтты. 

Өз кезегінде Діни басқарма қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялаған. Нәтижесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ашық конкурстан өткен 16 қазақстандық туроператорға 2024 жылғы қажылық маусымында отандастарымызға тиісті қызмет көрсетуге ресми рұқсат берді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *