Өткен аптада Ақтөбе облысының Шалқар ауданында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 755-пәтер табысталды.

Аймақтағы кәсіпкердің қолдауымен жиналған қаржыға сатып алынған пәтер Нұрлан Кабулов есімді тұрғынға бұйырды. Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков күндердің сұлтаны жұмада мешітке жиналған жамағатқа «Ынтымақ пен бірлік» тақырыбында жұма уағызын айтып, пәтер кілтін жас отбасы, Шалқар ауданының тұрғыны Нұрлан Жылқыбайұлына табыстады.

Сондай-ақ, «Ауызбіршілік танытып, игі шараға атсалысқан ағайынға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков. Өз кезегінде пәтерге ие болған Нұрлан Жылқыбайұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, акцияға үлес қосқан барша жамағатқа алғысын білдірді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *