«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте » Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы жалғасуда. Бүгін қала аумағындағы жалғыз ілікті қарттардың үйінде сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Соның бірі, Абай ауданы Ю.Гагарин көшесіндегі 34 үй, 47 пәтерде тұратын Сенатская Зоя Константиновнаның үйінде Шымкент қаласының дін істері басқармасының және «Дін мәслелелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері тазалық жұмыстарын жасады.

Атап айтқанда пәтердегі қоқыстарды сыпырып, тазалап, сынған жиһаздарға жөндеу жұмыстары жасалынды. Үйдегі шаң басқан ыдыс-аяқтар мен жиғаздар жуып, сүртіп, тазаланды.

Осылайша, қарт әжейдің көңіл- күйі көтеріліп, өзінің ыстық ықыласын білдіре отырып, рақметі мен ақ батасын берді.

«Қариясын сыйлаған елде қасиет бар» — деген дана халқымыз, сондықтан да тек сенбілік аясында емес алдағы уақытта тұрақты түрде қарияларға көмек қолын созатын боламыз.
#shymkent#shymkentdin#akimatshymkent#religia#din_isteri_basqarmasy#like#repost#respect

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *