Мүфтияттан арнайы келген ҚМДБ Діни оңалту бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Данияр Кенжалин Көкшетау қаласы мешіттерінің имамдарына өз саласы бойынша дәріс оқыды.

Онда жат ағымдардан арылудың жолдары, жастардың осындай ағымдар жетегінде кетпеуі үшін алдын алу жұмыстарын жүргізудің жай-жапсары түсіндірілді. Мүфтият өкіліне көптеген сауалдар қойылды. Осы бағытта арнайы заң қабылданса деген ұсыныстар да ортаға салынды.

Әрине, Мүфтият мұндай теріс ағымдармен күресті жандандыра түсетіні анық. Ал, осы бағыттағы заң мәселесі атқарушы биліктің құзырында болғасын, ол турасында ойлар айтылып жүргенін де тілге тиек етті.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *