Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесі биыл республика бойынша зираттарды цифрландыру жұмысын қолға алатын болатын. Аталмыш ауқымды жобаға атсалысып, іс-шараны жоғары деңгейде атқарған ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі алғашқы зираттарды цифрландыру жұмысын алғашқы болып аяқтады.

Осыған орай Шымкент қаласы өкілдігінде ҚМДБ «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің ұйытқы болуымен республикалық «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты рухани тазалық һәм цифрландыру жолдары семинары өтті. Оған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Digital-Sharapat» ЖШС жетекшісі Еркін Тойжанов, Шымкент шаһарының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ербосын Бектұрсынұлы және қала, аудан имамдары мен еріктілер қатысты.

Семинар жұмысын шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып жүргізіп отырды. Осыдан кейін, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, қалалық жауапты өкіл Ербосын Орын қатысып, баяндама жасады.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Мейрамбек Қабылбекұлы еліміз бойынша жерлеу рәсімдерін бір-ізділендіру, ысырапқа жол бермеу, құлпытас ортату және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен  «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігін айтты. Мұнымен қатар, зират орындарының жұмыстарын заман талабына сай дамыту, бұрын қайтыс болған марқұмдардың аты-жөнін жинақтап, бір орталықта сақтау, цифилік жүйге енгізу сынды жаңа бастамаларды ортаға салды.

Басқосу аясында мекеме директоры Мейрамбек Қабылбекұлы еліміз бойынша алғашқы орында мазаратарды цифрландыру жұмыстарына белсенді қызмет көрсеткен азаматтарға ризалық білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы алғыс хаттарын табыстады.

Жалпы қала аумағында 80 мұсылман мазараты бар.  Осы бағыттың жұмысын дамыту, цифрландыру жұмыстарына әрі қарай жетілдіруді айтып, барша имамдарға нақты тапсырмалар берілді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *