“Ұяты бардың иманы бар” деген осы бір ауыз сөзде қаншама сыр жатыр десеңізші. Мұсылман болып туылатын әрбір пенденің жүрегіне иненің жасуындай ұяттың сәулесін құйса, тәкаппарлық, мейірімсіздік, қатігездік атаулы жанымызға жат болар еді – ау.

         Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) хадисінде: “Әрбір діннің өзіне тән мінез – құлқы бар, Ислам дінінің мінезі – ұялу” делінген . Бұл жерде “ұят” сөзі адамның айыпты істерді істеуден бас тартуы, ондай істерге қатысты жиренішті сезімде болуы дегенді білдіреді. Сондықтан ар – ұят – адамдардың кішіпейілдік сияқты асыл мінезге бойсұнып, тәкаппарлықтан бойды аулақ ұстауды да аңғартады. Демек, ұятсыздық – арға кірбің түсіретін кесел істеттес. Одан ертен бастан арылмаса, адам теріс жолға түсіп, өзінің өміріне де қылау түсіруі мүмкін. Тағы да бір хадисте: “Ұят пен иман бір – бірінен ажырамайтын нәрсе”. Егер біреуі көтерілсе екіншісі артынан қаса кетеді, егер адамның иман кетсе артынан ұят та қаса кетеді Бабаларымыздың: “Ұяты бардың иманы бар” дегені осы хадистердің негізінде туындаса керек.

         Ғалымдар адам бойындағы ұялуды екіге бөледі: Біріншісі – ғаризи, яғни туа біткен ұялшақтық. Туғаннан ұятты адам күнәлі істерге бармайды, жиренішті нәрсеге жоламайды. Және өз мінез – құлқының жаман жақтарын көрсетпейді.

Екіншісі – мүктәсәб, яғни, кейін табылған, яғни Алланың ұлылығын және өз құлдарына жақын екендігін, оларға назар салатынын және көздердің қиянатын, сондай – ақ жүрек – тердегі жасырын сырларды білетінін түсіну нәтижесінде қалыптасатын ұялшақтық.

         Ұяттың төмендегідей түрлері бар:

  1. Адамның өз – өзінен ұялуы.
  2. Маңайындағы адамдардан ұялу.
  3. Алла Тағаладан ұялу.

Ұялу екі түрлі жағдайды дұрыс болмайды.

  1. Уәжіп нәрсені істеуден қайтарса.
  2. Харам нәрсеге апарса.

Сондықтан мұсылман адам ғибадат жасаудан ұялмайтынын есте сақтаған жөн.

Құрметті мұсылман бауырлар!

         Жоғарыда айтқанымыздай әрбір діннің өзіне тән мінезі бар, Ислам дінінің мінезі – ұялу болса бұл мінез мұсылманға тән сипат. Адам баласының нағыз адамшылығы оның ұятының өлшемінен көрінеді. Алла Тағала бәрімізге шынайы ұяттың ақиқатың біліп, Алладан, періштелерден, адамдардан ұялуды нәсіп етсін. Ямин!

Арлылық-намыс,ұят, иба,абырой сияқты бір қатар игі істерді қамтиды.  Арлы адам жігерсіз әрі намыссыз болмайды, көрсе қызарлыққа салынбайды, күнәлі істерден бойын аулақ ұстайды.

Қожа Ахмет Яссауи бабамыз: «Арыңды сақта, болсаң да малға кедей» деп айтқандай, мұсылман адам мұқтаж бола тұрса да ешкімге алақанын жаймайды. Өз маңдай терімен нәпақа тауып, адал еңбекпен табысқа жетеді

«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген Ата-бабаларымыз мал-дүниені адамдық қасиеттерден жоғары қоймауды үйреткен. Мұсылманның күнәлі істерге барлау, жақсылық амалдарда тұрақты болу сияқты белгілі бір өмірлік ұстанымдары бар. Ақтайлақ би бабамыз: » Алтының болса әсерленбе, арыңды сақта, арамдықтан аулақ бол, адамдықты жақта,»-деп осы сөзді өсиет қылып айтқан. Мұсылман адам дүниелік пайдаға кенелуден гөрі әрдайым иманы мен ар-намысын жоғары қою қажет.

«Ұят игіліктен басқа еш нәрсе алып келмейді » деген хадис бар.  Ұят деген-тәртіп.  Ұят деген-таразы. Ұят деген-реттеуші. Ұят деген-ешкімнің зорлығынсыз адам баласының дұрыс жүріп, дұрыс тұруға қамшылайтын күш. Ұят деген-намыспен ықпалдас ұғым өзі. Ұят бар жерде бүкіл дүниенің пердесі, бүкіл дүниенің қалқаны, адамшылықтың, иманның қалқаны-ұят.

Ұяты бар ұл мен қыз ұлт сапасын көрсетеді, ерекшелігін әлгілейді, бірден бір көрсеткіш. Қанша жерден қыңыр тартсаң да,өзгермейтін қағида. Осыны ұмытпайық.  Ұлтымыз бойымызда болсын.

Қорыта келгенде, құрметті, ағайын, АЛЛАНЫ да разы ететін, елді де өрге бастайтын ұрпақ қаласақ одан жоғарыдағы құнды нақылдарды басшылыққа ала отырып, оларды арлы, ұятты, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеуге міндеттіміз.

Шымкент қаласы Абай ауданы  «Роза ана» мешітінің имамы Абдалиев Бағлан

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *