Шымкент қаласы Тұран ауданы Айқап мешітінің әйел-қыздар бөлімінде тұрақты түрде діни сауат ашу курсы өтілуде. Жыл басынан бері Айқап мешітінің әйел-қыздар бөлімінде 300ге жуық шәкірт діни сауатын ашты. Бұл маусымда 150 шәкірт тіркелген болса, оның 60-ы Құран Кәрімді ережесіне сай оқи алатын дәрежеге жетті. Осыған орай шәкірттерге ерекше марапаттау кеші ұйымдастырылды. Кеш арнайы той өтетін залда, сахна төрінде, концерттік бағдарламамен өтті. Бағдарлама бойынша шәкірттер өз өнерлерін, білімдерін паш етті. Атап айтар болсақ Құран оқудың, жаттаудың маңыздылығы жайында рухани-тәрбиелік, мағыналы көрініс көрсетіп, иләһи әндер айтылып, слайд ұсынылды. Көрермендерді сұрақ-жауап ойынымен сергітіп сыйлықтар таратылды.
Бір маусым діни сауат ашу курсын бітірген үздік 60 шәкіртке арнайы тәжі кигізіліп, Құран Кәрім әрі сыйлық, әрі аманақа тарту етілді.
Бұл кеште «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз дұғасын беріп, уағыз насихат айтты. Онымен қоса қаладағы беделді ұстаздардан да бата және уағыз насихат айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *