Сотталғандармен өткен сындарлы кездесу

0
394

Бүгін Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесіндегі діни экстремизм және терроризм баптарымен сотталғандар арасында «Діни радикалдану – қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға қатысқан ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің хатшысы, РАНТ мүшесі, филология ғылымдарының PhD докторы Батыржан Мансұров: «Экстремизм және терроризм – үрей, қорқыныш, қылмыс, төңкеріс, алауыздық деген ұғымдарға жақын. Ал дін – адамның ішкі жан-дүниесін тазартатын рухани жол», – деп аталған ұғымдарға жалпы түсінік берді.

Өкінішке қарай, кейбір мұсылмандар діннің сыртқы формасына баса назар аударып, ішкі мәніне үңілмегендіктен, дін ұстанып жүріп-ақ қатыгездікке, алауыздыққа барып, қылмыс жасап жатады. Сондықтан қазақта «Дінді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген сөз бар. Пышақты нан кесуге, тұрмыстық пайдалы істерге қолдану жақсылық, ал егер кісі қанын төгуге, үрейге және т.б. жаман істерге қолдану қылымсқа, күнәға, қасіретке, қайғыға, орны толмас өкінішке алып келеді.

Пайғамбардың (с.а.у.) «Нағыз мұсылман – өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян келтірмеген адам» деген хадисін естен шығармаған жөн.

Кездесу соңында РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров жазасын өтеушілердің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарына нақты жауап беріп, алдағы уақытта санадағы дәстүрлі ислам түсінігін әрі қарай нығайту керек екенін айтып өтті.