ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Абай облысы өкілдігі Ұлттық мереке – Республика күніне орай семейлік 50 мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетті.
Басты назар ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған жанұяларға қойылған. Гуманитарлық көмек ұзақ мерзімге жарамды азық-түліктен жинақталған.