Бүгін қасиетті Рамазан айында қасиетті Қадір түніне орай қала бойынша бір мезетте Құран Хатым дұғасын бағыштау шарасы ұйымдастырылды.Орталық мешітте өткен игі шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған зиялы қауым өкілдері мен Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов қатысып, жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сондай-ақ, шаһардың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізіп, Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты.Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айында тарауық намазында Құран Хатым еткен Омар қари Сәлімбеков, Алибек қари Жалиев, Абдуғаффор қари Тұрсынов бастаған қариларға ризалық білдіріп, құрмет көрсетілді. Айта кетсек, биыл қаладағы 45 мешітте тарауық намазында Құран Хатым түсіріліп, оны 87 қари оқыды.Қадір түні жасаған дұға қабыл болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Соңғы жазбалар
Медресе шәкірттері мен мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының нұсқауымен Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде «Зекет» қайырымдылық қорының жауапты өкілінің...
Толерантты тұлға, толерантты қоғам
Толеранттық - -
айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы,
мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу
мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста...
ДІНИ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА «ТОР» ҚОЙЫЛЫМЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Бүгінде
теріс діни ағымдармен күрес, олардың алдын алу – өзекті мәселелердің бірі.
Шымкент қаласы діни істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік...
Права атеистов планируют защитить в Казахстане
В недрах Комитета по делам реглигий Мининформации и общественного развития разрабатываются поправки, направленные на защиту прав неверующих людей.
Ақтөбе: Мешіт жастары Оралға көмекке барды
ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Кәрім Еламанның ұйытқы болуымен, өңірдің бір топ жастары Батыс...