Орталық мемлекеттік органдарының арасынан бірінші болып ҚР АҚДМ Дін істері комитеті жергілікті атқарушы органдармен «SCRUM» тәсілі арқылы әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Әдістемелік спринт айлығы» арнайы оқыту жобасын бастады. «SCRUM» – шағын жетістіктер арқылы үлкен мақсаттарға жетуді көздейтін жобалық басқару тәсілі. Жоба барысында жергілікті мамандар дін саласы бойынша қазіргі ақпараттық басымдықтарға қатысты алда тұрған міндеттерге жетудің жолдарын жүйелеуді, нәтижесінде қысқа мерзімдік жобалық басқаруды меңгереді. Бұл өз кезегінде өңірлердегі сала мамандары қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі деп күтілуде. Оқу ZOOM платформасы арқылы еліміздің барлық өңірлерінде 2022 ж. 20 қыркүйек – 26 қазан аралығында өтеді. Ұйымдастырушы: ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Интернет кеңестікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы.
Соңғы жазбалар
Экстремистік және террористік бағыттағы мәтіндерге сот тарапынан дінтанулық және психологиялық-филологиялық кешенді зерттеу жүргізудің өзектілігі
Экстремистік және террористік бағыттағы мәтіндердің таралуының алдын алу үшін сапалы талдау мен сараптама жүргізу маңызды. Алайда сараптама қорытындысының сапасын арттыру үшін...
БАС МҮФТИ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен елордада өтіп жатқан «Жалынды жастар ынтымағы» республикалық жастар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.
Қиындықтан құтылудың жолы – жақсылық жаю
Өмір болған соң жақсылық пен жамандық, қиындық пен қызық болмай тұрмайды. «Дүниенің басы сайран, түбі ойран» деп Абай атамыз айтқандай, пенде баласы...
Сақтық шараларын елемеу мен әсіредіншілдік орға жықпай ма?
https://www.youtube.com/watch?v=BpqvlXD8SjQ
Бес уақыт намаз бен бірқатар сүре мені вирустан сақтайды! Қол жуып, маска тағу – еріккеннің...
БАС МҮФТИ ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бішкек қаласында Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасына тиесілі жаңа ғимараттың ашылуына қатысты.