Шымкент қалалық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Қаратау ауданындағы «Сайрам» мешітінде қыздар арасында Алла Тағаланың 99 көркем есім-сипаттарын жатқа айтудан сайыс өтті.
Сайысқа 35 қыз қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер арасында 1-орынға Адина Максадханова, 2-орынға Сафия Юлдашева, 3-орынға Бахорой Иристаева ие болды. Жеткіншектер арасында 1-орынды Фатима Шаисмаилова, 2-орынды Мариям Шаисмаилова, 3-орынды Зухра Абдувалиева жеңіп алды.
Алланың 99 есімінен бір бөлігін жаттаған бүлдіршіндер арасында 1-орын Махинур Алимжанова, 2-орын Күміс Октамова, 3-орын Мариям Мамыржановаға бұйырды.
