Шымкент: Діни оңалтуға арналған семинар

0
1025

Шымкент орталық мешітінде қалалық Діни оңалту бөлімінің кезекті оқу семинары өтті.

Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қатысып,  жеке және жалпы кездесулердің сапасы мен маңызына айрықша тоқталып, қатысушыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Аптасына бір рет ұйымдастырылатын оқу-жаттығу семинарын Діни оңалту бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов жүргізіп келеді. Әр апта сайынғы семинарда түрлі тақырыптарға назар аударылып, кеңінен талқыланады.