«Ақниет» АНОО» ҚҚ теолог-кеңесшілері Дін жолында жүрген, өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметшілеріне дәріс оқыды»

0
173

Шымкент қаласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы «Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 30 маманы үшін «Экстремизм мен терроризмге қарсы дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтау» тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесу барысында деструктивті діни ағым ұстанушылар діни сауатсыздыққа (білімсіздікке) бой алдыруы, білімді құлаққап арқылы ұялы телефоннан, ғаламтордан бейресми уағызшылардан тыңдауы, діни тұрғыдан жүйесіз амалдарға барып жатуы туралы ақпараттар мен олардан сақтану жолдары айтылды.