Алматы: Имамдар екінші жарты жылдық жоспарын пысықтады

0
647

Алматы орталық мешітінде қала мешіттерінің жарты жылдық жұмыс жоспарын пысықтауға арналған жиналыс өтті. 

Бұл басқосуға шаһардың бас имамы Төлеби Оспан, қала мешітерінің бас имамдары мен Алматы орталық мешітінің дін қызметкерлері қатысты. 

Ең алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы қаласының бас имамдық қызметіне жуырда тағайындалған Төлеби Оспан қала мешіттерінің бас имамдарымен арнайы танысты. Содан кейін 2021 жылғы екінші жарты жылдық жоспарға қысқаша тоқталып, кейбір тармақтарын кеңінен талқылады. Соның ішінде, Діни басқарманың осы жылға бекіткен жеті бағытына ерекше назар аудару керектігін жеткізді.

Жиын барысында қала имамдары кезекпен өздерінің пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды.

Шара соңында Бас имам мешіт қызметкерлерінің ынтымақ-бірлігі нығая берсін деп дұға тілеп, алдағы жырты жылдық жоспарға сай тапсырмалар берді.