ДАИШ-ке қарсы бірлескен құрлық операциясы

0
226

Ирак армиясы ДАИШ ұялаған Сүлейманийенің Зинане ауылына бірнеше бағыттан операция бастады, деп TRT хабарлайды. 

Ирак армиясы мен Пешмерга күштері Дияла мен Сүлейманийе провинциялары арасындағы аймақтарда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы бірлескен құрлық операциясын бастады.

Ирак армиясына қарасты 52-ші бригада мен 144-ші Пешмерга бөлімшесі ДАИШ ұялаған Сүлейманийенің Кифри ауданына қарасты Зинане аумағы ауылдық аймағына бірнеше бағыттан операция бастады.

Таңғы уақытта басталған операцияда ұйымға тиесілі көптеген оқ-дәрінің тәркіленіп, кейбір туннельдер табылғаны білдірілді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша ДАИШ-ке қарсы коалицияда орын алған Италияның болса әскери ұшақтарымен құрлықтағы операцияға қолдау берді.