Шымкент қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен діни танымдық кездесу өтті

0
102

Шымкент қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен діни танымдық кездесу өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласы күрес түрлері спорт мектебінің басшысы Мекенбай Саян, Шымкент қаласы дін істері басқармасы «дін ұйымдарына анализ маниторинг» бөлімі басшысы Тулемисов Бақыт және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның бөлім басшысы Уралбаев Айдос қатысты.

Бұл іс-шарада Мекенбай Саян жазасын өтеуші азаматтарға спортпен шұғылданудың маңыздылығы және спортпен шұғылдану арқылы адамдарға өктемдік көрсетіп, өзінің күшін жаман нәрселерге жұмсаған дұрыс емес екендігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта көптеген жастар спортпен шұғылданып қылмысқа және деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетіп қалған азаматтар да, баршылық екендігі жайлы айтып өтті. Жазасын өтеуші азаматтарға бостандыққа аман-есен шығуына тілектес екендігін жеткізді. Теолог маман Уралбаев Айдос жазасын өтеуші азаматтарға деструктивті діни ағымдардың қоғамға және дінге тигізер зардаптары жайлы түсіндірді. Діни ағымдардан сақтану жолдары көрсетілді. Сондай-ақ, дәстүрлі ислам құндылықтары жайлы ақпарат берілді.