Шымкент: Медресе түлектеріне диплом табысталды

0
554

«Шымкент» медресе-колледжінде бітіруші түлектерге арналған «Жолың болсын, жас түлек» атты диплом табыстау шарасы ұйымдастырылды.

Түлектердің оқу жылын бітіру шарасы қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Алғашқы сөз тізгінін алған Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының және шаһардың бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізіп, медресе ұстаздары мен жас түлектерге батасын беріп, ақ жол тіледі.

Осыдан кейін, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай сөз алып, медресе-колледж қабырғасынан түлеп ұшқан түлектерге ағалық һәм ұстаздық кеңесін айтып, қызметте жеміс пен сәттілік тіледі.

Айта кетсек, «Шымкент» медресе колледжінен 2020-2021 оқу жылында 137 шәкірт бітірді. Оның ішінде 19-ы қызыл диплом иегері атанды.