Дінтанушылар сотталғандармен кездесті

0
471

Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесіндегі дінге сенетін сотталғандар арасында діни экстремизм және терроризм идеологияларына және деструктивті діни ағымдардың тартылуына жол бермеу мақсатында жүйелі ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрады.

Соның нақты бір дәлелі ретінде Республикалық ақпарат­тық-түсіндіру тобының жұмыстарын айтуға болады. Жуырда мекемеге  РАТТ мамандары  Ерлан Мамаев пен Қ. Кеңесбеков келді.

Арнайы топ өкілдері, сотталғандарға дәстүрлі діни ұстанымды және экстремистік, террористік идеялардың қоғамға қаупін түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізді.

Білікті мамандар әр сотталғанды жеке-жеке қабылдап, олардың дінге деген көзқарасы мен діни сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында еркін әңгіме өрбітті.

– Арнайы орталық өкілімен әңгімелесу барысында біраз мағлұмат алдым. Бұл кісі маған діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы ашып түсіндірді. Сауатты баяндалғандықтан, қызыға тыңдадым. Санамдағы тұманды ойлардан арылдым, – деді С. есімді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі