М. Жүсіп мешітіне 20 жыл: Дін қызметкерлері марапатталды

0
598

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Мәшһүр Жүсіп мешітінің 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген игі іс-шарада мешіт жанашырлары мен жеті бағыт бойынша белсенді жұмыс істеген имамдарды мерекелік медальмен марапаттап, алғыс хатын табыстады.

ҚМДБ Төрағасы мешіттің қамқоршылар, ақылдастар алқасының мүшелеріне алғыс білдіріп, риясыз ризашылық ниетін жеткізді.

«Мұсылман үшін мешітте қызмет етіп, Алла үйінің ізгі ісіне үлес қосудан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын. Сіздер Мәшһүр Жүсіп мешітінің сауапты істеріне сүбелі үлес қосып келе жатқан жансыздар. Алла разы болсын! Алла игі істеріңізге мол сауаптан жазсын!» деді Бас мүфти.

Айта кетсек, Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылғанына 20 жыл толды. Сәулеті мен сәні жарасқан, қазақы нақышта салынған құлшылық үйі әлемдегі ең көрікті мешіттердің қатарына енген.