КАИРДЕГІ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ

0
202

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Мысыр Араб Республикасында білім алып жатқан студенттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан дастарқан жайылды.

ҚМДБ Төрағасының студенттермен кездесуі дастарқан басындағы рухани әңгімеге ұласты. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін жолында қызмет істеудің маңызын тілге тиек етіп, шәкірттерді елге қызмет етуге шақырды.

Өз кезегінде «Талаба» қауымдастығына мүше қазақ студенттері Бас мүфтиге алғыс білдіріп, жасап жатқан қамқорлығына ризашылығын жеткізді.