«Ақниет» ҚҚ теологы дәстүрлі емес діни ағымды ұстанып жүрген азаматшалармен кездесті

0
439

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы дәстүрлі емес діни ағымды ұстанып жүрген жергілікті азаматшалармен «Тазалық және исламның тазалыққа берген маңызы» тақырыптарында кездесу өтті. Кездесу Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.Тазалық — Ислам діні тазалыққа құралған дін. Таза адамды Аллаһ та сүйеді, басқа адамдар да жақсы көреді.Тазалық — мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған жәннәттың кілті намаз болса, намаздың кілті тазалық.Тазалық — қазақ халқы бірінші байлық денсаулық деп денсаулықты күтуге қатты көңіл бөлген. Міне, сол денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты.Тәжуид — дыбыстардың анық айтылуын қадағалайтын ережелерге сүйене отырып Құранның дұрыс оқылуын үйрететін ғылым.Тәжуид — тәжуидті үйрену — уәжіп. Өйткені, әрбір мұсылманға намаз оқу және намазда Құраннан аят немесе сүре оқу — парыз.Кездесудің пайдасыҚатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы анықталды.Қытасушылар сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренді. Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтей білуге дағдылану.Осы ретте қатысушыларға діни тұрғыдағы адамның бір-бірімен қарым-қатынас туралы түсіндірмелі жұмыс жүргізіліп, топаралық пікірталас орын алды. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.