«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психологы Динара Русланқызы Мухамбетова Ақтау қаласындағы Абу-Ханифа мазхабын ұстаншуы әйел азаматшалар және жат ағым ұстанатын азаматшалармен «Дін және психология» тақырыбы аясында кездесу өткізді. Кездесу Ақтау қаласындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.Кездесу барысында, дәстүрлі діни мазмұндағы кітаптарды дәстүрлі емес діни кітаптардан қалай ажыратамыз, Қазақстан Республикасындағы уағызшылар туралы ақпарат берілді.«Дін психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, тозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, құлшылық ету және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды.Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады.Дін психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі:1) Дін психологиясының жалпы теориясы діни сананың мазмұны мен құрылымын, діни сезімдерге тән сипатты ерекшеліктерді, тұлға мен қоғамның рухани өміріндегі діннің психологиялық функцияларын зерттейді;2) дифференциалдық психология нақты әлеуметтік орта мен тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұстанатымдардың діни сана-сезімі мен сезімдерін қарастырады;3) діни топтардың психологиясы діни қауымдастықтардың әлеуметтік-психологиялық құрылымын, олардың қарым-қатынас, еліктеу, иландыру, нұсқамалар механизмдерін, дінге сенушілердің санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер-ықпалын зерттейді;4) діни табынушылық психологиясы діни ғұрыптардың адам психикасына әсер-ықпалын зерделейді;5) атеистік тәрбиенің педагогикалық психологиясы атеистік дүниетанымды қалыптастырудың принциптерін талдап-белгілейді.Шараның соңында психологиялық тренингпен аяқталды. Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *