8000 ОРЫНДЫҚ МЕШІТТЕ ТАЗАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
659

Бүгін, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Шымкент қаласында салынып жатқан «Сейітжан қари» атындағы 8000 орындық жаңа мешітте тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Игші шараға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Абдурахманов  бастаған Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданына қарасты мешіт имамдары қатысып, тазалық шарасына үлестерін қосты.

Жалпы, жаңа ғибадат орны қаланың «Нұрсат» шағын ауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8м-ды құрайды. Сондай-ақ, жаңа мешіт қаланың орталық әкімшілік аймағында орналасқан. Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен құдай ас өткізетін асхана, екі қабаттан тұратын автотұрақ, су бұрқақтар, фитнес орталық орналасады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, зәулім мешіттің құрылысын «Мұнай Құрылысы Сервис» ЖШС жүргізіп жатыр.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі