«Ақниет» ҚҚ теологының сотталғанмен әңгімесі

0
584

2021 жылдың қараша айында «Ақниет» АНОО» ҚҚ-ның теологы С.Рахымжан терроризмді насихаттағаны және діни өшпенділікті қоздырғаны үшін сотталған, сондай-ақ «Абдухалил» діни бүркеншік атымен танымал А.Әбдіжаббаровпен түсіндіру әңгімесін өткізді. Сауд Арабиясында тұрған Әбдіжаббаров 2017 жылы Қазақстанға жер аударылды.Әңгімелесу барысында сотталған адамға оны өзінің рухани көшбасшысы және тәлімгері деп санаған ізбасарлардың Қазақстан аумағында, сондай-ақ шетелде бірқатар террористік акциялар мен басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға қатысуы туралы жеткізілді.А.Әбдіжаббаров радикалды догмаларды ұстанудағы қателік пен қасіретті мойындап, олардың әрекеттерін айыптады. Ол Таяу Шығыстағы болып жатқан процестерді мұсылмандар арасында тек бөліністер мен қайшылықтар әкелетін дін үшін қауіпті деп атады.Сондай-ақ, ол жалпыға бірдей танылған мазхабтарды ұстану, Қазақстандағы дәстүрлі ханафи мазхабын қолдау туралы айтты.