НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТАШКЕНТКЕ КЕЛДІ

0
120

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі елдері мүфтилер кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына келді. Бас мүфтиді Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері күтіп алды.

Айта кетейік, түркі елдері мүфтилер кеңесінің басқосуына Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубаничбек Омуралиев, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холиқназаров, Түркия дін істері басқармасының басшысы Али Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Паша-Заде, Түрікменстан мұсылмандары басқармасының жетекшісі Ялкап Ходжакулиев, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы Абдиманап Масалиев, сондай-ақ түркі елдерінің ғалымдары мен дін саласының жетекшілері қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар кеңес барысында түркі елдері ғалымдарының форумы өтеді деп жоспарланып отыр.