ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына түсінік

0
1198

Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси — әлеуметтік,экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алыптұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарыадамдардың ойы мен санасында әлеуметтік — экономикалық мәселелер бірінші орынғашығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, қоғамда пайда болған осы руханибостықтың орнын басқа елдерден келген әр — түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бақты.Қазіргі қоғам алдындағы тұрған басты міндет азаматтарға діннің тарихы мен қатар олардыңнегізгі ілімдері мен қағидалары, салт — жоралары мен мейрамдары, діндердің ұлттар менұлыстардың арасына енуі мен таралу ерекшеліктері.

Біздің еліміздің Конституциясы бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Діниқұрылымдар республикада қазір болып жатқан процестерге түсіністікпен қарайды және рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын күн өткен сайын нығайта түсуге үлесін қосады.

Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай — ақ көп дінді де ел. Республикадағы барлық діни құрылымдар қазір болып жатқан қоғамдағы барлық өзгерістерге түсіністікпен қарай отырып, рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын нығайта түсуге, діндер арасындағы алауыздықты болдырмауға әрекет етуде. Адамдар әр түрлі діннің өкілдері екеніне қарамастан, ақыл — ойға жүгініп, бір — біріне түсінушілікпен қараса бүкіл әлемде тыныштық орнаған болар еді. Тақырыпта Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі туралы жан – жақты баяндалып, бүгінгі өміріміздегі, қоғамдағы орын алып отырған басты проблемалар жан -жақты, ауқымды түрде баяндалады.

Мемлекетіміз конфессиялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Конституциямыз бен заңнамаларымыз шеңберінде әрбір конфессияға арналған діни білім беру жүйесін қалыптастыру мүмкіндігіне ие. Мектептерге дінтану пәнінің енгізілуі бүгінгі күннің ең басты өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы пәнді оқыту барысында азаматтарымыз діни идеялар мұхитында өз жолын табу ісінде алған білімін ерекше «компас» ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Сонда ғана дін қоғам өмірімен үйлесім тауып, ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаты — ол өзара тең, әлеуметтік-экономикалық, саяси — рухани, құқықтық әділеттікті, аумақтық тұтастықты, қамтамасыз ететін, бірлікке ұмтылған демократиялық қоғам құру. Дұрыс тәрбиенің нәтижесінде әрбір жеке адамның көкірек көзі ашылып, өмір мен дүние туралы түсінігі саналылықпен қалыптасады.

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси — экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағы ан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы.Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал — дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескеруіміз керек.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы Таутаев Қуаныш