ҚМДБ-ның  Шымкент  қаласы  бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде «Рамазан дәрістері» айдарымен бесін және намаздыгер (асыр) намазы кезінде жамағатқа дәрістер ұйымдастырылуда.  

Дәрістер онлайн және офлайн түрінде жүргізілуде. Мешіттердегі дәрісті  әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі әрі РАНТ мүшесі Нұрсұлтан қари Мамедалиев  бастаған  имам, ұстаздар орталық мешіттің интернет парақшасынан тікелей эфир арқылы жүргізіп келеді.

Дәрістер әйгілі ғұлама Бурһануддин әз-Зәрнужидің «Тәлімгер тағылымы» кітабы мен Атаилләһ Сәкәндәридің «Тәжул Арус» атты еңбектерінен өткізілетін жатыр.

Айта кетсек,  ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың  қолға алуымен қала бойынша «А.Қаттани», «Әл Біләл», «Байғұт баба», «Нұр Төбе», «Дінмухаммед Қонаев», «Әбсаттар Сманов», «Аңламас ата», «Муаз ибн Жәбәл», «Насрулла» сынды мешіттерде тұрақты жүргізіліп келеді.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *