Рамазан баннерлер мен билбордтар ілінді

0
574

Исі мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айын хабарлау һәм насихаттау үшін  Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешіті шаһар көшелері мен үлкен базар аумағына «Рамазан мүбәрак болсын!» атты баннерлер мен билбордтар ілінді.

Атап айтқанда,  қалалық «Алаш», «Жібек жолы», «Айна» базарлары мен Темірлан тасжолы,  Арғынбеков, Тәшенов сынды үлкен көшелердің бойынша жарнамалық тақтайшаға  «Рамазан мүбәрак болсын!» атты баннерлер мен билбордтар орнатылды.

Жалпы, базарлар мен көшелерге және мешіт ауласында Рамазан айымен арнайы құттықтау баннерлері, сондай-ақ, жамағаттың қасиетті айға құлшынысын арттыратындай даналық, өсиет сөздер жазылған баннерлер ілінді. Осындай игі істерге қала тұрғындары мен қонақтарының тарапынан алғыс айтып, ризалықтарын білдірілуде.

Айта кетсек,  діни сұрақтар мен ақпараттар алу үшін аталмыш  баннерлер мен билбордтарға  арнайы Шымкент қаласы орталық мешітінің «Рамазан  call-Орталық» 8708-478-48-72 нөмірі қоса жазып, көрсетілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі