Павлодар облысының теологы сотталған діндарларға дәріс өткізді

0
370

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Павлодар облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің жетекшісі Уныйбаев Ерлан Жиксимбаевич «АП-162/4 мекемесі» РММ-де қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталған діндарлар үшін «Исламда бiрлiктiӊ орны» ұжымдық теологиялық сабақ өткізді.Дін ислам діңгегім дейтін иісі қазақ қашан да әдептен озбауды, адамгершілік асыл қасиеттерді сақтауды құп көрген. «Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без», «Әдепсіз бала — ауыздықсыз атпен тең, Ақылды кәрия — жазып қойған хатпен тең», «Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды», «Әдеп пен құлақтың анасы — тіл», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» секілді халықтың тұмса тұнық, мол мұралы ауыз әдебиетінде сақталған даналық сөздерінің, мақал-мәтелдерінің бойынан да дәл осы насихат байқалады.