Қари-ұстаздар семинары ұйымдастырылды

0
349

Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, Шымкент орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында Құран Хатым оқып жатқан қариларға құрмет көрсету мақсатында «Рамазан – Құран айы» атты танымдық рухани семинары үйымдастырылды. Тұңғыш ұйымдастырылған семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, найб имам  дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Әдеп» кеңесінің мүшелері Бекайдар қажы Әміре, Дәурен Тасқараев, Жансейт Қалменов, Абай аудан бас имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби аудан бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, Қаратау аудан бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудан бас имамы Берік Қалдаров және қари-ұстаздар қатысты. Семинар жұмысы белгілі қари Мейірбек Сәрсенбаевтың Құран оқуымен ашылды. Әуелі Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы сөз алып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, аянбай қызмет етіп жүрген барша қариларға алғыс айтып, ризалық білдірді. Осыдан кейін, қалалық «Әдеп» кеңесінің мүшелері Бекайдар қажы Әміре, Дәурен Тасқараев, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естемров және Республикалық Құран жарысының тұрақты әділқазы мүшесі  Кәмілжан қари Садықовтар арнайы дәріс оқыды. Сондай-ақ, семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен  Түркия діни істер басқармасы арасындағы келісім негізінде сонау Түркия елінен келген Хамза қари Өзкурт сөз сөйлеп, қазақ еліне ризалығын білдірді. Айта кетсек, тұңғыш ұйымдастырылған семинарға 45 қала мешіттерінде тарауық намазында Құран хатым түсіріп жатқан 87 қари-ұстаздар арнайы қатысты. Семинар соңында барлық қари-ұстаздарға Шымкент қаласы бойынша өкілдігі атынан алғыс хат табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі