«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЛАЙ ҚҰРАМЫЗ» АТТЫ ПІКІР-САЙЫС ОЙЫНЫ ӨТТІ

0
518

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Балалар жылына” орай “Білім беру ұйымдарында пікір-сайыс қозғалысын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар” жоспарына сәйкес Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде қоғам белсенділері мен оқушылар арасында пікір-сайыс ойыны өтті.Турнирдің мақсаты: Азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту. Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен ролін арттыру. Қоғам белсенділері арасында пікірсайыс алаңын құру.Рухани жаңғыру орталығының қолдауымен өткен турнирде Қазақ әдебитіндегі ең үздік шығармалар, Қазақстан жастарының басты проблемасы, Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну тақырыптары қозғалды. Турнирде оқушылармен белсенділік көрсетіп үкімет фракциясы жағында өз ойын ортаға салған Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов, ал опазиция жағында өз ойын ораға салған iKOMEK 109 Шымкент қаласының бірыңғай байланыс орталығының басшысы Азат Әміртай оқушы спикерлермен екі жақты ойларын ортаға салып өзара сайысқа түсті.