Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді

0
439

Келіссөздерге дейін Президент сарайында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу болды. Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.