«Ақниет» ҚҚ өкілі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД семинар өткізді

0
431

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысы «Ақниет» ақпарттық насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Зунинкожа Зұлқарнайын Бурханұлы Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті қызметкерлеріне «Дерадикализация әдістері» тақырыбында семинар өткізді.Кездесу барысында З. Зунинқожа, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының, азаматтарды радикалды көзқарасынан қайтарудағы қолданатын «Дерадикализация» әдістері және радикал болған тұлғаның бойында кездесетін кейбір сипаттамалар аясында, кең ауқымды түсінік беріп өтті. Сондай ақ, азаматтардың діни түсінігіндегі радикализм белгілерін анықтау мақсатында, олардың бойынан табылатын кейбір ерекшеліктер туралы сөз қозғалды.Уәкілетті орган діни радикализмнің алдын алудағы өз құзіреті шегіндегі жұмыстарында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» шеңберінде діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды дінтанулық сараптамадан өткізу, интернет-ресурстарды мониторингтеу арқылы күмәнді діни идеяларды таратумен айналысатын сайттар мен парақшаларды анықтау және оларды бұғаттауға ұсыныс беру жұмыстарынан бөлек, сотталушылар арасында діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында ағартушылық-түсіндіру жұмыстарын іске асыруға, әртүрлі теріс діни ағымдар мен жалған діни ұйымдардан зардап шеккендерді оңалтуға және ақпараттық жұмыстар жүргізуге ерекше мән берілу қажет.Діни радикализмнің алдын алу шегінде жүргізілетін ақпараттық жұмыстар еліміздегі діни ахуал туралы толыққанды, сапалы әрі сенімді ақпарат бере отырып, деструктивті діни ағымдарды мансұқтау және діни сипаттағы экстремистік идеялардың таралуын алдын алу мақсатына басымдылық білдіруі тиіс.Діни радикализмді еңсеру бағытындағы ақпараттық өнімдер мақсатына сәйкес кең жұртшылықпен қатар нақты аудиторияға бағытталуы қажет және еліміздегі діни ахуалды есепке алатын ақпараттық-танымдық және ағартушылық сипатқа ие болуы керектігін көрсетеді. Сәйкесінше, қазіргі күнде мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылып отырған радикализмге қарсы ақпараттық жұмыстар дін саласындағы одан да ауқымды ақпараттық басымдықтарға бағындырыла отырып, жүзеге асырылуда.Сонымен қатар түзеу мекемелерінің мамандарына радикализмге қарсы күрестің оңтайлы бөлшегі болып табылатын, бірігіп әсер ету негіздемелері түсіндірілді. Мысалы:- Діни радикализммен күрес және оның алдын алу шаралары жөнінде тәжірибе алмасу, аталған бағыт бойынша туындаған мәселелер мен сауалдарға қатысты өзара бірлескен кеңес, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу;- Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қатар, көрсетілген тақырыпқа байланысты семинарлар, тренингтер мен оқыту курстарын ұйымдастыру, мамандар мен өзге ұйымдардың мүдделі тұлғаларын аталған процеске тарту, т.б. мысалдар келтірілді.«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.