Шымкент: Бас имам бітіруші түлектермен кездесті

0
493

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінде «Жолың болсын жас түлек» тақырыбы аясында 2022 жылғы бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, қалалық «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің жетекшісі, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Халал Дамудың» бақылаушы-инспекторы Қазыбек Сарыбаев пен ұстаздар қатысты. 

Ұйымдастырылған шара барысында бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның оқу бағдарламасы сәйкес, діни кадр әлеуметін арттыру бойынша жан-жақты баян етіп,  шәкірттерге білім алу, елге қызмет ету және діни қызметтің жауапткершілігі жөнінде тәжірибесін бөлісті.   

Сондай-ақ «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай бас имам Бақдәулет Нұрматұлы бастап келген өкілдік қызметкерлеріне алғыс айтып, ризалышығын білдірді.