«Ақниет» ҚҚ өкілі дерадикализация бойынша жұмыс тәжірибесі туралы жеткізді

0
813

Шымкент қаласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы «Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде «ИЧ-167/4 мекемесі» РММ базасында өткен кеңеске қатысты. Кеңеске «ИЧ-167/4 мекемесі» РММ, Шымкент қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшылары және ҚМДБ-ның Шымкент қаласындағы өкілі қатысты. Кеңес барысында радикалды идеологиядан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы ашық диалог өтті.
Кездесу барысында «Терроризм, діни экстремизм идеологияларын, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту» мақсатында пилоттық жобаны талқылау арқылы түсіндірудің тиімді жолдары айтылды. «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы Қ.Қ. тарапынан ұсынылған әдіс-тәсілдердің негізінде пайдалы кездесудің тетіктері мен механизмі баяндалды. Сондай-ақ тақырыптарды түсіндіру кезінде басты назар аударылатын жайттардан да хабардар етілді.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.