Иракта жеті лаңкес тұтқындалды

0
339

Ирак қауіпсіздік күштері ел астанасы Бағдадта жеті лаңкесті тұтқындады, деп ирактық «Ас-Сомария» сайты хабарлайды. Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Ас-Сомария» қауіпсіздік күштері қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциясы кезінде жеті террористті ұстағанын айтты. Тұтқындалғандар қажетті құқықтық шара қолдану үшін полиция бөлімшелеріне жеткізілді.