ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
541

Бүгін «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Жиынды фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері;
3. «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. Шымкент қаласы аумағында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау және жеке адамдардың есімін беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы;
6. «Шымкент қаласы әкімінің және Шымкент қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесулерінің 2022 жылға арналған күнтізбелерін келісу туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы №13/112-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
8. «Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/103-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9. «Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының штат құрылымы туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №3/27-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
10. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.

Отырыстың соңында бірқатар сауалдар қойылып, жауаптар берілді. Сессияға ұсынылды.