Армия-2022: Лаңкестік топтардың қаупі сақталуда

0
612

Таяу Шығыстағы лаңкестікпен күрестегі жетістіктерге қарамастан, лаңкестік топтардың кек алу қаупі сақталуда, деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу «Армия-2022» форумы аясындағы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясының ашылуында. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Таяу Шығыстағы лаңкестікпен күресте айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, халықаралық лаңкестік бірлестіктерден кек алу қаупі сақталуда», — деді Шойгу. Оның айтуынша, Сирия әскерилері одақтастарымен және серіктестерімен бірлесе отырып, Ресей Әуе-ғарыштық күштерінің қолдауымен лаңкестік әрекеттердің жолын кесуді жалғастыруда. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу сондай-ақ  Орталық Азияда лаңкестік қаупі жоғары екенін мәлімдеді. «АҚШ пен НАТО күштері Ауғанстаннан  шығарылғаннан кейін Орталық Азия аймағындағы жағдай өте шиеленісті күйінде қалып отыр. Ауғанстанның жаңа басшылығы күрделі әскери және экономикалық қиындықтарға тап болды. Альянс әскерлерінің жиырма жылдық қатысуының мұрасы көңіл көншітпейді. Нәтижесінде аймақта лаңкестік қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр», — деді Шойгу. Оның айтуынша, Орталық Азияның қауіпсіздік мәселелерін барлық мүдделі елдер мен халықаралық ұйымдардың келісілген әрекеттерімен ғана шешуге болады.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Армия-2022: Лаңкестік топтардың қаупі сақталуда | Қазақстандағы Ислам